Жөнделмеген жолды айтты, бағусыз жүрген малды айтты

Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Жалын» мәдениет үйінде "Жастар кубогы-2019" көңілді тапқырлар ойыны өтті.

Халықаралық көңілді тапқырлар клубы мерекесімен тұспа-тұс келген ойын көптің көңілін көтерген ерекше шара болды. Аудандық емханадан, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп, Аққыстау орта мектебі мен «Өркен» бөбекжай-бақшасынан, Жанбай, Зинеден, Қамысқала жастарынан командалар қатысқан әзілқойлар сайысында көрермен қарасы да қалың болды.

cbn1

«Әр әзілде – бір шындық» демекші, қалжыңдаған болып қағыта кететін бұл өнер түрі бүгінде тек жастардың ғана емес, жалпы бұқараның сүйіп қарайтын сайысына айналғаны жасырын емес. Одан елдің күтетіні жай ғана күлкіден гөрі әзілкештердің қоғамдағы көлеңкелі тұстарды әжуалай сынауы, «әтеген-айларымызды» әзілге арқау етуі.

cvn5

cvn4

- Ойын жоғары деңгейде өтті. Қай команда да осал болған жоқ, - дейді жарыстан соң пікірімен бөліскен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали. – Жастарымыз қуанатын тұстарымызды марқая жеткізсе, кейбір жетіспей жатқан жерлерімізді де қалжыңмен ұштастырып, өткір әзілдерімен түйреп өтті. Мәселен, кеше ғана аудан орталығына орнатылған Халық Батыры Исатай бабамыздың еңселі ескерткіші жалғыз біздің өңірде екенін мақтанышпен айтқан олар, әзірге белгілі себептермен жөнделе алмай жатқан жолымыз, орталыққа жайылып, аудан әкімдігінің «Телеграм» чатында «жыр болған» екі сиыр секілді мәселелерді де әзілге айналдырып, көпке ой салды.

cbn2

Жарыс кубогін «Өркен» бөбекжай-бақшасының жас тәрбиешілері жеңіп алды. Екінші орын «Зинеден жастарына» бұйырса, үшінші орынды Аққыстау орта мектебінің «Фаворит» командасы қанағат тұтты. Аудандық жастар ұйымының басшысы былайғы жиналыстарға аудан жастарының жинала бермейтінін, осындай шаралар арқылы оларды қоғамға араластырып, жан-жақты қырларын ашуға болатыннын айтады. Кештің басты мақсаты да сол болса керек.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT