Жұдырықтай жұмылып атсалысайық

Президент сайлауы барлық мемлекет үшін ең маңызды саяси науқан болып табылады. Себебі, сол халықтың, мемлекеттің алдағы тағдыры сайлау нәтижелеріне байланысты болмақ.

Сондықтан халық жүрегі елім деп соққан азаматтың билік басына келгенін қалайды. Оған үлкен сенім артады. Халқымызда «Бас болу оңай, бастамақ қиын», деген сөз бар. Әрбір отбасының да өзінің ішкі және сыртқы саясаты болады. Шаңырақтың ішкі саясаты – ұрпағын ешкімнен кем етпеу, ештеңеден мұқтаждық көрмеуіне жағдай жасау, коммуналдық төлемдерді уақытында төлеу және тағы басқалары болса, сыртқы саясатына – айналадағы көрші-көлеммен, ағайынмен, қоғаммен  тату қарым-қатынасты ұстау жатады. Осы екеуін  дұрыс жүргізбесе, отбасының берекесі кетеді.

Сол сияқты мемлекеттің де ішкі және сыртқы саясаты бар. Оларды да елдің, халықтың мүддесі үшін сауатты жүргізсе, Тәуелсіз мемлекетіміз өркендеп, экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артып, алға басарымыз  анық. Жыл сайын қырық құбылып, сан мәрте өзгеріп жататын мына заманда бас болу да оңай емес. Әлемде экономикалық  құлдыраулар, санкциялар соғысы, шекаралық қақтығыстар, бұрын Одақ құрамында болған екі елдің арасындағы  қарулы қантөгіс орын алып отыр. Сыртта, іште отырып, басқаның қолымен от көсеп,  іріткі салуды қалайтындар да қай мемлекеттен де табылады. Оның зардабын олар емес, қарапайым халық тартады.  Қазақстан  Тәуелсіздік  алғаннан бері Орта Азиядағы тыныштық аралына айналып келеді. Көреген, сауатты, бірлік пен ынтымақты мұрат тұтқан халқымыз барда алға қарай да солай болып қала береді де сенемін. Сондықтан ертеңіміз жарқын болғанын қаласақ, 20 қарашадағы сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасайық. Әр азамат ел келешегіне жауапты, осыны жан-жүрегімізбен  сезініп, сайлауға жұдырықтай жұмылып атсалысайық.

 

 

 

Ғаділхан Қалиев,
Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521