«Жұмада» вахташы бақташылар бар

Өмірбек Құсайынов жетекшілік ететін «Жұма» шаруа қожалығы төрт түлікті тең баптап, әсіресе, қой өсіруде шаруасын дөңгелентіп отыр.

Жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп, жер ауыстырып, кәдуілгі ата-бабаларымыз қолданған тәсілмен қолдағы мал басын түз тағысына да алдырмай, жауын-шашынға ұшыратпай, табысты түрде алдыңғы қатарлы шаруашылыққа айналдырып отырған бұл әулеттің кәсібі де нәсібі де - осы.

omir13

- Жыл сайын 500-дей қой басын қажетіміз бар, малшылардың еңбекақысын төлеп, ауылдағы жоқ-жітік жандарға демеушілік жасап, жем-шөп алуға жаратсақ, 500 бас қойды өсімге алып қаламыз. Негізі қой бағу оңай емес. Ол үшін темірдей төзім керек. Өйтпесе, мал басы өспейді. Алған төлің тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетеді, - дейді Өмірбек Құсайынов.

Аудан көлемінде бірінші болып малшыларға вахталық әдіс енгізген де - осы шаруашылық. Бүгінде тұрақты түрде еңбек етіп келе жатқан бес кісінің біреуі әркез қос басында болса, 4-еуі екі-екіден кезектеседі. Кәдімгі мұнай компанияларындағыдай 1 айдан ауысып жасайды. Еңбекақылары ай сайын, дер кезінде беріледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке табыс салығы мен зейнетақы аударымы түсіп тұрады. Жұмысшылар да осыған машықтанған. Вахталық тәсілмен еңбек еткен өздеріне ұнайды.

omir1303

Осы ретте аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов барлық шаруа қожалықтары білуге тиіс мына жаңалықты айтты: Егер әрбір қожалық аудандық жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелген жұмыссыздар есебінен жұмысқа кісі алса, оған төленетін еңбекақының 35 пайызын аталған орталық субсидиялайды екен. Демек, бұл - малшыларға 100 мың теңге төлемнің 35 мыңын мемлекет кері қайтарып береді деген сөз. 4 жұмысшы үшін 150 мың теңге үнемдейсіз. Сондықтан, әрбір шаруашылық басшысы білуі тиіс осы жаңалықты іс жүзіне асырып, тәжіриде қолдана бастаған адам ұтылмайтынын аңғардық.

onerb13

Өзінің атакүлдігі Көкарна деген қыстақта отырып, мал төлдетіп жатқан «Жұма» шаруа қожалығының жай-күйі осындай. Қыстақ деген аты болмаса, жарық самаладай жарқырап тұр. Электр жарығы бағанамен тартылған. Мал суару үшін күн көзінен қуат алатын қондырғысы да бар. Бұл бұрындары қауғамен су тартқан малшыларға үлкен көмек. Үй жылыту үшін тезек басып, қи ойып, оны жағып, артынан күл шығарып әбігерленудің қажеті жоқ. Бәрі техниканың арқасында бір жолға қойылған.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521