Жұмыскерде жоғалған екі бала табылды

Атыраулық гвардияшылар адасып кеткен балаларды тауып алған Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір үйдің қос баласы ата-анасының рұқсатынсыз үйдің ауласынан шығып кетіп, бірнеше шақырым жүргеннен кейін адасып кеткен. Реклама Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен хабарлады.

Подполковник Руслан Садықов пен ефрейтор Жасұлан Толеубаев кешке жұмыстан қайтып бара жатқан кезде Жұмыскер шағынауданындағы «Айза» дүкенінің жанында жылап тұрған 2 және 4 жас шамасындағы балаларды көріп қалған. Балалардан ата-анасының қайда екенін сұрағанда, адасып кеткендерін айтқан. «Ең әуелі балалардың жанында ата-анасының бар-жоғын тексеріп алдым. Содан кейін балаларды тыныштандырған соң, олардың есімдерін сұрап, қалай адасып кеткендерін білдім. Алайда, балалар өздерінің тұрғылықты жерін айта алмады», - деді подполковник Садықов. Әскерилер бірден ювеналдық полиция қызметкерлерін шақырып, балаларды полицейлердің қолына тапсырды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді тағатсыздана күтіп отырған ата-анасымен қауыштырды. «Менің балаларымды қиын жағдайда тастап кетпей, тауып бергендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Ең бастысы балалар ешқашан жоғалмасын, дендері сау болсын», - деді балалардың анасы. 5546 әскери бөлімінің командирі подполковник Мақсат Баймағұлов әскери қызметкерлер Руслан Садықов пен Жасұлан Төлеубаевқа алғыс айтып, қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін алғыс хаттарын тапсырды.

Фото: ашықдереккөзден.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика