Журналист болғым келеді

Журналист болуды бала кезден армандаған едім.

Көп ізденісті талап ететін, «төртінші билік» саналатын шығармашылық салаға қызығушылық жүрек түкпірінде бар-тұғын.

Есейгесін, ойлана келе, шын мәнінде кім болуды қалайтынымды, қай жолмен жүргім келетінін тағы да бір іштей таразыладым. Мамандық таңдау сұрағын өз-өзіме қойып көрдім. Санамда бұғып жатқан елеусіз арманым оянып, қолыма қалам ұстаймын деп шештім. Тәуекелге бел буып, жоғары оқу орнының журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Қазір осы мамандықты меңгеріп жатырмын. Бұл таңдауыма еш өкінбеймін. Білім алу ешқашан кеш емес деп білем. Адам өзі қалаған, жанына жақын іспен айналыспаса, таңдау жасау қиылысына қайта-қайта келе бере ме деймін. Сол себепті қолыңды мезгілінде сермеу керек-ақ.

Сондықтан өзім қалаған мамандықтың қыр-сырын жете түсініп, үйренуге тырысудамын. Білгенімнен, білерім көп. Қаламымды ұштап, жазу қабілетімді жетілдіруге талпынып жатырмын. Қалаған мамандығыма қадам бастым. Қызығы мен шыжығы мол ақпараттың қазанында қайнасам деген үлкен мақсатым бар.

Гүлдана ХАЙРУШЕВА,

журналистика факультетінің 4-курс студенті

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT