Журналистті еске алу шарасы өтіп жатыр

Кеше Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Атырау облыстық мәслихатының екі шақырылым депутаты, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетіне ұзақ жылдар басшылық еткен қаламгер Хусынов Шапхат Пазылұлының 70 жылдығына орай еске алуға арналған баскетболдан 2002-2004 жылы туған қыз балалар арасында облыстық ашық турнир басталған болатын.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы жарысқа келген қонақтарға қош келдіңіздер айтып, командаларға сәттілік тіледі. Шапхат Пазылұлының ұрпақтары мен құрдастары атынан Дархан Шапхатұлы сөз сөйлеп, жарыс ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Турнирге Атырау, Жылыой, Құрманғазы спорт мектебі, Махамбет, Құрманғазы балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы, Исатай командалары бақ сынап, барлығы 60-тан аса оқушылар қатысуда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521