Облыстық «Жыл белсендісі - 2019» байқауына өтініш қабылдау басталды.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен қайырымдылыққа үлес қосып жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және еріктілер тобы қатыса алады. Байқаудың мақсаты – облыстағы белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктерін насихаттау, әр бағыт бойынша жыл үздігін анықтау. Үздіктер бес номинация бойынша анықталады: - «Үздік ҮЕҰ» ; - «Қоғам белсендісі» ; - «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» ; - «Үздік еріктілер тобы» ; - «Үздік аудандық ҮЕҰ» . Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 200 мың теңге сыйақы табысталады. Өтінімдер 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқаудың ұйымдастырушысы - Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы.
Қосымша ақпаратты npoatyrau.kz сайтынан алуға болады
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының
Азаматтық орталығы