Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұржаларды уақытылы тазалау және олардың техникалық жағдайын қадағалау қажеттігін ескертеді.
Мұржаларды тазаламаудың қауіптілігі:
Күйе жиналуы салдарынан өрттің шығу қаупі артады;
Тарту қабілетінің төмендеуі нәтижесінде улы газдар бөлініп, адамдардың улануына әкелуі мүмкін;
Пеш пен қазандықтардың тиімділігі төмендеп, отын шығыны көбейеді.
Өрттің алдын алу үшін тұрғындарға мына талаптарды сақтау ұсынылады:
1. Жылыту маусымы басталар алдында барлық мұржаларды толықтай тексеріп, күйеден тазалау қажет.
2. Маусым ішінде мұржаны кемінде екі рет тазарту ұсынылады.
3. Мұржада жарықтар немесе басқа да ақаулар анықталған жағдайда дереу жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
4. Мұржа бастары жабындылармен немесе арнайы қақпақшалармен жабдықталып, қоқыс пен шөптің түсуіне жол бермеуі тиіс.
5. Пешті жағу кезінде тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Қорытынды: Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында мұржаларды уақытылы тазалап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл әрбір отбасының қауіпсіздігі мен тұрғын үйлердің амандығын қамтамасыз ететін маңызды шара болып табылады.
Д.АХМЕТҚАЛИЕВ,
Исатай ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық корғау майоры