«Зинеден ата» мешіті жамағаты мұқтаж отбасылардың балаларына жәрдемдесті

Исатай аудандық «Зинеден ата» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат жұмылып республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында сауапты іс қылды.

42220

- Акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көпбалалы отбасылардың балаларына қайырымдылық жасалды. Оқу құралдары, сөмкелер оқушылардың алаңсыз білім алуына сәл де болса септігін тигізеді деген сенімдеміз. Қайырымдылық бағытындағы шаралар жалғасады, - дейді Исатай аудандық мешітінің бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

4222555

- Мешіт жамағатына Алла разы болсын. Қандай игі бастама көтерсек те, жұмыла көтеріп, бірлесіп атқарысып жатады. Төтенше жағдай кезінде де аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созысып, сауапты іс қылды. Осы акция аясындағы шаралардан жылда қалыс қалмайтын мешіт жамағатының қазіргідей қиын кезде көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуі ауыл жамағатының ауызбіршілігін білдірсе керек. Оларға ел разы, Ұлы Раббымыз да риза болғай, - дейді ауданның бас имамы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521