ЗИНЕДЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ

0 votes

Бүгін аудан әкімі Н.Мусин және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Губашов Зинеден ауылдық округінің тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды.Сондай-ақ аудан әкімі мен ауыл ардагерлері жаңа басшыға жылы лебізін білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Исатай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 ақпанда өткен Зинеден ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы және сайланған әкімді тіркеу туралы шешімімен Зинеден ауылдық округінің әкімі болып Адилова Айгүл Уахитқызы сайланды.

Адилова Айгүл Уахитқызы -‪‬ 1975 жылы 14 қарашада Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келген. 

Білімі жоғары. 

1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Бастауыш сыныптар мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Нарын орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2002-2016 жылдары Исатай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі;

2016-2020 жылдары Исатай орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін Исатай орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT