Зинеден ауылдық округінде шағын сәулет нысанының ашылу рәсімі өтті

Өткен жолы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Зинеден ауылдық округінің кіреберісіне ауыл атауы жазылған шағын сәулет нысаны орнатылды.

Бүгін аталмыш шағын сәулет-нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Конституция мерекесі күні қарсаңында жоспарланған салтанатты шараға ауыл әкімі Ерлан Махсотов, Сәт баба ұрпағы, Құрас ата немересі Бауыржан Күнтуғанұлы, мемлекеттік қызметтің ардагері Болат Хұсайынов және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара ауыл әкімі Ерлан Махсотовтың құттықтау сөзімен ашылды.

76a8c6a3-2eb8-40dc-bf0d-408673238438

f

Шағын сәулет нысанының лентасын Сәт баба ұрпағы, Құрас ата немересі Бауыржан Күтуғанұлы мен мемлекеттік қызметтің ардагері, ауыл ақсақалы Болат Хұсайынов қиды. Сондай-ақ ауылдың ақ жаулықты әжелері тәттіден шашу шашса, Зинеден атаның шөбересі Асылым Әділжанқызы күмбірлеген күй тартып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

326109dc-371a-4828-adff-3a796cd5112a

Салтанатты рәсім ауыл аумағында орналасқан ауылдың орталық саябағында жалғасын тапты.

Онда ауыл әкімі күні кеше ғана тозығы жеткен орталық саябақты және балалар ойын алаңын күрделі жөндеуден өткізілуіне демеушілік танытқан «СветландОйл» ЖШС-нің бас директоры Жеңіс Әбілкәресұлына өзінің ризашылығын білдіріп, аудан әкімі П.Хасановтың Алғыс хатын табыстады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521