Зинеден ауылының өнерпаздары бейсенбілік кешті жалғастырды

Жылдағы дәстүр бойынша әр аптаның бейсенбісіне ұласқан мерекелік сазды бағдарламаны Исатай аудан тұрғындары асыға күтетінді әдетке айналдырған. Уақытын да жиналып, ауыл өнерпаздарын ерекше ықыласпен асыға күтеді. Ал, бұл жолы концерттік бағдарламаның тізгіні  –қасиет пен кие қонған Зинеден ауылы өнерпаздарының еншісінде болған еді. 

 Әдеттегіше, «Өнерім саған туған ел» атты мерекелік сазды бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шыға білді. Шалғай ауылдан келген сазды сәлемдеме жиылған жұрттың ыстық ықыласына бөленіп, риясыз соғылған қошеметке кенелді.

Кеш шымылдығын Зинеден ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақсотов ашып, жылы лебізін жеткізіп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Алғашқы ән Мұрат Амангелдіұлының орындауындағы  әнін жазған жерлес компазитор Мұстахим Мұратов пен сөзінің авторы Жанбайлық ақын Адайбек Есекешовтің «Зинеден ата» әнімен ашылып, ауылдың тыныс тіршілігін әнмен көрсетті.

Сахна төрінен «Ақ әжелер» ансамблі халық әні «Ахау, гүлдерайым» әнін орындап, көптің көзайымына айналды. Потриоттық сезім мен көңілді күйге бөлейтін түрлі әндер ауыл өнерпаздарының орындауында өз жалғасын тауып, жиылған көрермендер де қосыла ән шырқап,кеш қыза түсті.Соның ішінде 70-80 жылдардағы әндерге шолу ретінде поппури топтамасымен аудандық «Айгөлек» ансамблінің белді мүшесі Садуақас Мұханбетжанов кештің мәні мен сәнін келтіріп, тыңдарманға рухани әсер сыйлады.

Бұдан бөлек, ауданымызға танымал тұлғалар Фариза Оңғарсынова, Нұралы Әжіғалиев, Нариман Үлкенбаевтың туғанына биыл 85 жыл әрі елімізге танымал домбырашы Әзидолла Есқалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай викториналық сұрақтарға кезек беріліп, дұрыс жауабын тапқан жандарға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табысталды. Шалғай ауылдан жеткен сазды сәлемдемелер  өз жалғасын тауып бірінен соң бірі орындала берді. Ән мен биге, көңіл ашар күйге толы өткен кеште өз кезегінде көңіл сарайын ашып, ерекше сезімге бөледі.

Тіпті, Қызылқоға ауданының ыстық сәлемін ала келген Халықаралық «Мен қазақпын» мега жобасының финалисті, қызылқоғалық әнші Берік Амантай халықтың қошыметіне бөленді.

Одан соң, Шәмшінің танымал әндерін де халықпен бірге ауыл өнерпаздары қосыла айтып, кештің ажарын одан әрі аша түсті. 

Кеш соңында Исатай аудан әкімі Зинеден ауылының өнерпаздарына өз ризашылығын білдіріп, ақжарма  ізгі тілегін жолдады.

- Құрметті аудан тұрғындары бүгін міне бейсенбілік кешімізді Зинеден ауылдық округінің керемет сазды бағдарламасымен аяқтап отырмыз. Сіздердің шынайы көңіл-күйлеріңізге қарап кешті жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Исатай ауданы өздеріңізге белгілі қай уақыт болмасын өнердің ордасы. Талай өнерпаздар мен дүл-дүлдер дүниеге келген құтты өлке. Бүгінгі Зинеден ауылының өнерпаздары да соны тағы бір мәрте дәлелдеді. Оған қоса жолдың шалғайлығына қарамастан үлкен ұжыммен тиянақты дайындық пен сапалы кеш ұсынғандарыңызға ризашылығымыз шексіз,-деді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі кеште өнер көрсеткен бірнеше өнерпаздарға  алғыс хаттар табыстады.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT