Зинеден ауылының әкімі «Үкілі домбырадан» жүлдегер атанды

Атырау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Үкілі домбыра» атты өнер байқауы өтті.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне арналды. Оған аудандар мен қаладан 6 мемлекеттік қызметкер қатысып, өз бақтарын сынады. Олардың қатарында жерлесіміз, Зинеден ауылдық округінің әкімі Ерлан Махсотов та бар. «Жан ана» әнін шырқап, қазылар алқасын тәнті еткен жерлесіміз байқаудың жүлделі ІІІ орнына ие болды.

150621

- Өткен жолы аудандық «Үкілі домбыра» байқауынан жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алған болатынмын. Енді міне, облыстық байқауда қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынға ие болып отырмын. Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық өнерді дәріптеу, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын. Ең бастысы осы мақсат жүзеге асты деп білемін, - дейді байқау жүлдегері Е.Махсотов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521