Зинеденде серпінді жұмыстар бар

Ауданымыздың шалғайда орналасқан округінің бірі – Забурында бүгінгі күні көптен күткен іргелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Әлімсақтан негізгі тірлік көзі мұнай өндіру және балық аулау болған Каспий теңізінің жағасын алқалай қонған бұл ел халқына жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасалып жатқан игі істердің бір парасы осы болса керек.

Демеушісі NCOC N.V. компаниясы болып табылатын 100 орындық балабақша құрылысының қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары да қазіргі таңда аяқталу үстінде. «Атырау көлік» ЖШС мердігері болып табылатын айтулы жұмыстардың құны – 614,8 миллион теңге.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, салынып жатқан жолдың жалпы ұзындығы - 6,0, оның ішінде кірме жол – 1,0, ауылішілік жол - 5,0 шақырымды құрайды екен. Қазіргі уақытта жолдың ұсақ қабыршақты қабаты төселіп жатыр. Жобаның толық бітуі осы жылдың тамыз айына жоспарланған.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521