Зинедендік тұрғын жас мұнайшыларды жұмысқа алу қажеттігін айтты

Зинеден ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Махсотов халық алдында есеп берді.

Ол 2019 жылы атқарылған істерге шолу жасай отыра, құрамына Амангелді мен Зинеден ауылдары кіретін шалғай округтің өткені мен бүгінін саралады. Атап айтқанда, 1332 тұрғыны бар Зинеденде өткен жылы «Ақбота» балабақшасы мен «Шағала» тойханасы ашылып, халық игілігіне берілген. Ал, көптен бері жергілікті тұрғындар үшін басқайғыға айналған «Зинеден-Кобяково» каналына 5 миллион теңгенің суы айдалып, мал баққан шаруагерлер үшін барынша тиімді жағдай жасалған. Енді биыл аталған каналдың табаны «ҚазСушар» мекемесінің өз күшімен тазартылып, алдағы жылдары канал суының айдалу күші еселеп артатын болды. Бұл туралы жиын барысында аудан әкімі Марат Мурзиев жеткізді.

zab-acim-esep

Жыл бойына жүргізілген насихат жұмыстарының арқасында округтен 6 тыңдаушы «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқытылып, оның 4-еуі қайтарымсыз грант ұтып алып, өз кәсіптерін бастаған. Сонымен бірге «Жас проджект» жобасы аясында да 5 жоба республикалық комиссия алдында жақсы деп танылып, 1 миллион теңгелік грантқа ие болды. 2020 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша қолдағы 1870 бас ірі қара, 5435 бас қой-ешкі, 1567 жылқы, 692 бас түйе малдары тұрғындардың жеке табысын арттырып, одан алынған ет, сүт, жүн өнімдері ел игілігіне жұмсалуда.

Бүгінгі таңда құрылысы жалғасып жатқан Амангелді ауылына арналған ауыз су және газ тарту жұмыстары қарқынмен жүріп, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. 200 орындық жаңа мәдениет үйі құрылысының жобасы жасақталып, сараптамада қаралуда. Алдағы жылдары қаржының бөлінуіне орай мәдени ошақ құрылысы басталуы мүмкін.

zin-acim-es

Осы және өзге де бағыттар бойынша дамудың оң динамикасы байқалатын округ әкімінің есебін тыңдаған аудан әкімі Марат Мурзиев жалпы өңірде өткен жылы жасалған ілкімді істердің көп екенін айта келе, Зинеден ауылы бойынша да келешек жоспардың зор екенін жеткізді. Одан әрі сала басшылары тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берді.

Мәселен, ауыл тұрғыны Болат Құсайынов жас мұнайшыларды даярлап, байырғы мұнайшылар зейнетке шығатын кезде орнына жергілікті жастар арасынан қызметке қабылданса деген базынасын жеткізіп, ауылға кәріз су жүйесін салу, ауыз су құбырын реттеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қосымша шабындық жерлерін беру туралы ұсыныстар айтса, ал, Мақсот Нығметов өзіне жұмыс сұрады. Жұма Құсайынов қасқыр мен шибөрінің жайын қозғады. Десе де түз тағысы бар екен деп қол қусырып қарап отырмауға, балық деп теңізге көз алартпай, әрі азық, әрі кәсіп болатын қой шаруашылығын дамытуға жастар қауымын шақырды.

zin-acim-es-1

Жиын соңында аудан әкімі барлық берілген ұсыныстар қаперге алынатынын, десе де бірінші кезекте Ю.Гагарин атындағы орта мектепке қажетті акт залын жапсарлай салу мәселесін алдағы күндері ауданға іссапармен келетін облыс әкімінің алдына ұсынатынын айтты.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика