ЗИНЕДЕНДІК ЖАС ОТБАСЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Атырауда облыстық ішкі саясат басқармасының  ұйымдастыруымен  Халықаралық Жастар күні қарсаңында жас отбасылар арасында байқау өтті. «Отбасы – ұлағат ұясы, ұлт айнасы» атты іс-шараға аймақтан жиналған 7 жанұя қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Қатысушылар 4 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Алғашқы айналымда қатысушылар «Отбасы-ұлағат ұясы, ұлт айнасы» тақырыбында өздері жайында дайындаған бейнеролик көрсетсе, екінші айналымда «Менің өнерлі жанұям» тақырыбы бойынша отбасылық қойылым қойды,ал үшінші кезеңде «Ата-анам байлығым» тақырыбымен түрлі сұрақтарға жауап берді. Соңғы төртінші айналымда «Ұрпақтар сабақтастығы: Атамнан қалған аманат» яғни қатысушы отбасында мұра болған құнды жәдігерлерден, естеліктерден ақпарат береді. Ауданымыздың атынан Еркебұлан Зинеденов пен Әсел Аманжолқызы жанұясы қатысып, жүлделі ІІ-орын иеленіп, аудан мерейін асқақтатты.

Еркебұлан мен Әселдің шаңырақ көтергеніне бір жыл уақыт болса да осындай ауқымды байқауға қатысып, бақ сынауды құп көрген. Еркебұлан Зинеденовтың айтуынша бұндай байқау отбасы құндылығы мен қасиетін насихаттайды әрі өздері сияқты жас отбасыға үлкен тәжірибе дейді.

  • Байқау өз деңгейінде өтті. Қатысушы жанұялардың барлығы жоғары деңгейде дайындықпен келген, бізде өз кезегімізде ерекше көзге түсуді мақсат еттік. Байқау шартына сәйкес өз өнерін көрсету керек болатын. Аталмыш сайысқа біз қазіргі қоғамдағы белең алып тұрған өзекті «ажырасу» тақырыбында көрініс қойдық. Меніңше бұл көрініс біздің сайысқа қатысудағы мақсатымызды анық көрсеткендей. Жас отбасылар арасындағы өртеніп тұрған мәселені сахналап, халық пен әділ қазылар алқасының көзайымына айналдық. Сонымен қатар өзгеде айналымдардан да мүдірмей өттік. Мысалы салт-дәстүр бойынша қойылған сұрақтарға жаңылмай жауап бере білдік. Ал, соңғы айналым бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы: Атамнан қалған аманат», яғни бұл сайысқа отбасымыз үшін аса құнды атамның орамалы мен әкемнің қалта сағатын көрсетіп, тарихы мен мазмұнын баяндадық. Байқауға қатысуға қолдау білдіріп, көмектескен әрбір жанға алғысымыз шексіз, бұл біздің ортақ жеңіс,-дейді Еркебұлан Зинеденов.
  • Жас отбасыларды қолдау –​ жастар саясаты​ саласының басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі Жастар апталығы аясында өткізілгелі отырған байқауымыз – қоғамдағы ​ отбасы ​ ролін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.Ата-бабаларымыз​ тұтастай ұлт болашағын отбасымен байланыстырған. Тәлім-тәрбие мекеніне айналған үлгілі отбасыларынан шыққан ұрпақ -​ ертеңгі ел болашағын айқындайтын буын.Сондықтан қоғамдағы әрбір жас отбасы ел болашағы отбасыда қалыптасатынын терең ұғынуы керек"- деді өз сөзінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.

Сонымен сайыс нәтижесінде Атырау қаласынан Нұрниязовтар, Сәлімовтар отбасылары, Жылыой ауданынан Шымырбаевтар отбасы ІІІ-ші орын,Индер ауданынан Юдин, Исатай ауданынан Зинеденовтар отбасы ІІ-ші орын, Құрманғазы ауданынан Матаевтар, Махамбет ауданынан Ғасырбековтар отбасы І-орынды иеленіп, нағыз өнегелі жас отбасы үлгісін көрсетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT