Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

https://dszn.ru/

Ағымдағы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында Исатай ауданы көлемінде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы” өткізіледі.

Акцияның мақсаты-Халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, олардың полицияға сенім деңгейін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту болып табылады.

Құрметті Исатай ауданының тұрғындары! Сіз немесе жақындарыңыз, құрбыларыңыз, көршілеріңіз зорлық-зомбылыққа тап болса, Исатай аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне хабарласыңыз.
Зорлық-зомбылықты бірге тоқтатайық!

 

 


Исатай ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Мағазова Мөлдір Есмұратқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT