«Үздік тарихшы» атанды

Өткен аптада аудандық білім бөлімінің бастамасымен Абай атындағы орта мектепте «Үздік тарихшы - 2019» атты байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты- оқытудағы озық әдіс-тәсілдерді насихаттап, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы бүгінгі заман талабына сай мәртебесі биік тұлғаны қалыптастыра отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеруге жұмыстанып жүрген озық тәжірибелі ұстаздарды анықтау. Міндеті - шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, олардың іс-тәжірибесін қолдау және насихаттау, кәсіби шеберлікті арттыру, озық іс-тәжірибелерді іс жүзінде жүзеге асыру, педагогтардың кәсіби әлеуетін жандандыру.

10 орта, 1 негізгі мектептен 15-тен аса мұғалім қатысқан байқауды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерлан Махсотов кіріспе сөзбен ашып, шараны өткізудің негізгі мән-мақсатына тоқталды. Нәтижесінде қазылар алқасының ұйғарымымен Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептен Алтынай Тілекқызы бірінші орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алды.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз