Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жарияланған Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Жас мамандар өз өнерлерін көрсету мақсатында әріптестеріне ретро кеш сыйлады.
Жас мамандар мектебінің жетекшісі А.Жүгінісова шараның мақсатымен таныстырып, жас мамандар мен тәлімгерлерінің арасында «Үлкенге ізет - жасқа жол» тақырыбында тренинг жүргізіп, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімділік, жақындық қалыптастырды.
«...Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар» тақырыбындағы көлеңкелі көріністе жастарымыз ұстаз болуды армандаған қыз баланың өмірін көрсетіп, көптің көңілінен шықты. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында түрлі ойындар мен пародиялар жүргізіліп, кеш көңілді өтті. Жас мамандар өздерінің жалындаған жастық лебіздерімен қатысушы ұстаздарға жастық шақтарын сыйлады.
Ақжан СЕМБАЙҚЫЗЫ,
Абай атындағы орта мектептің жас маманы.