1 қыркүйек күні мектептерде алғашқы қоңырау қалай өтеді?

1 қыркүйекте ел мектептерінде салтанатты шаралар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин білім ұйымдарының оқу жылына 100% дайын болуын тапсырды.

«1 қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал 2 мен 11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысатын болады», деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр мектеп формасына қатысты да ақпаратпен бөлісті.

«Жаңа оқу жылында мектеп формасы негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мектепке классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат беру бойынша шешім қабылданды», деді министр.

egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521