banner_damu

1 қыркүйекте елімізде Президенттік жастар резервіне іріктеу басталды

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдана бастады.

Кандидат PKREZERV.GOV.KZ сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен (іріктеуге қалай және кім қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдері қандай) таныса алады.​ ​ ​

Тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген.​ ​

Үміткерге іріктеу кезеңдерінен өту үшін аты-жөнін, ЖСН-ін, өзіне қолайлы тілді және ең бастысы қолданыстағы электрондық адрес пен ұялы телефонын көрсету қажет.​ ​ ​

Тиісті белгіні қойып, Деректерді сақтау мен өңдеуге арналған келісіммен және Пайдаланушы келісімімен танысып, оларды қабылдау маңызды. Сондай-ақ үміткер белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:

- компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде секундына 5 Мб және жұмыс істейтін веб-камераның, құлаққап пен микрофонның болуы туралы;

- дұрыс емес мәліметтер ұсынылған немесе тапсырмаларды орындауға басқа тұлғаларды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінен шығару туралы;

- іріктеудің барлық кезеңдерінде тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмалардың және өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты деректерді үшінші тұлғаларға таратпау туралы.

Осы талаптарды қабылдамай, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Үміткер талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 30-на ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика