1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жауаптымыз – Асхат Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі бөлінгеннен кейінгі жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жұмыс азайған жоқ, 1 млн-ға жуық бала 10 мыңға жуық балабақшада тәлім-тәрбие алып, оқып жатыр. Сондай-ақ 800-ге жуық колледж және қосымша білім беретін ұйымдар бар. Оған қоса балалардың құқығын қорғау мәселесін ұмытпайық. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жауапкершілігі біздің мойнымызда. Сондықтан жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ», деді Үкімет отырысынан шыққан Асхат Аймағамбетов тілшілерге берген сұхбатында. 

Сондай-ақ ол елеулі оқиғадан кейінгі жалақы мөлшері туралы сауалға да жауап берді. 

«Жалақыға қатысты Үкіметтің бекіткен мөлшері бар. Бұл барлық министрлік пен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға қатысты, бәріне бірдей. Жалақым Үкімет бекіткен мөлшерде. Оны қайта-қайта айтудың қажеті шамалы. Жалақымды 3-4 рет айтқанмын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл - мемлекеттің бекіткен мөлшері»,  деді Оқу-ағарту министрі.

egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521