18 колледж неліктен жабылды

Соңғы жылдары Қазақстанда 18 колледж жабылды.

Бұның себебін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары республикамызда 18 колледж жабылды. Олар лицензияны қайтарып алу себебімен жабылған жоқ, оңтайландыру, профильдендіру мақсатында жабылды және негізінен бұл шара жеке колледждерге қатысты болды», деп түсіндірді Насымжан Оспанова.

Ол колледждерде білім беруді жақсартуға қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілгенін айтты. Бірінші кезекте, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде академиялық дербестік берілді, ол еңбек нарығының талаптарына жылдам, оңтайлы ден қоюды, Білім министрлігі көптеген жылдар бойы реттеп келген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан қалыс қалмауды көздейді.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521