Аққыстау орта мектебі облыстық сайысқа жолдама алды

«БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен өткен жылдың қазанынан биылғы жылдың ақпанына дейін созылған оқушылар лигасы өз мәресіне жетті. Сайыс спорттың футбол, футзал, волейбол, гандбол, баскетбол, шахмат секілді алтын түрінен өтті.

Оған ауданымыздың 10 орта мектебінен 2500-дей жас спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Новобогат, Ғ.Мәсәлімов, Ж.Мырзағалиев, Өркен, Нарын, Исатай, Ю.Гагарин орта мектертері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. ІІІ орынды Абай, ІІ орынды Х.Нәубетов, ал І орынды Аққыстау орта мектебі иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Шара соңында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабеков, ардагер спортшы, ұстаз Тауфих Қожасұлы аудандық мектеп лигасына қатысқан барлық мектеп ұжымдарына және ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп , облыстық жарысқа баратын командаларға сәттілік тіледі.

Асланбек Аронов,

«Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521