Абай атындағы орта мектеп ұстаздары жеңімпаз атанды

Жақында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен жалпы мектеп мұғалімдерінің арасында аудандық спартакиада өткен болатын.

Спорттың 6 түрінен өткен спартакиадада 300-ге тарта аудан мұғалімдері бақ сынады. Нәтижесінде Өркен орта мектебі үштікті қорытындыласа, Аққыстау орта мектебінің ұстаздары екінші орынды еншіледі. Ал, Абай атындағы орта мектеп құрамасы жоғары өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Үздік өнерімен көзге түскендер де марапатсыз қалған жоқ.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, командалық ойындар тартысқа толы болды. Сайысқа жас мұғалімдер ғана емес, аға буын ұстаздардың да атсалысқанын айта кеткен жөн. Енді, осы жолы ерекше көзге түскен ойыншылар мен жеңімпаздардан аудандық мұғалімдер құрамасын жасақтаймыз. Ол команда 30-қазан күні басталатын облыстық спартакиадада аудан намысын қорғайтын болады, - дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Губашев.

Айта кетейік, аудан құрамасы жыл сайын өтетін облыстық додада алдыңғы қатардан төмендеп көрген емес. Осы жолы да ұстаздар командасына жеңіс тілейміз.

С.БЕРІКБАЙ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521