Адамның бір қызығы бала деген...

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, ұлттың жалғасы.

Мектепке дейінгі тәрбие беру орындарында мыңдаған бүлдіршін алғаш тәлім-тәрбиеге баулытып, қызықты балалақ шақтың ұмытылмас кезеңі балабақша табалдырығын аттайды. Екінші анасындай болып аялайтын тәрбиешілердің алдынан өтеді. Бүлдіршіндер балабақшада жүріп, әрбір қадамын нық басып, әртүрлі шараларға қатысып, өз ортасының қуанышына айналады.

Аудан көлеміндегі барлық балабақша тәрбиеленушілерінің қазіргі уақытқа дейін өткізген шараларының шегі жоқ. Ол алдымен тәрбиешілерінің еңбегі десек, артық айтқандық емес. Республика, облыс көлемінде өнерімен ерекшеленіп жүрген балдырғандар жетістігі де аз емес. Біз солармен мақтанамыз. Жақында өткен балалар мерекесінде әрбір балабақша бүлдіршіндерге арнап, түрлі шаралар өткізді. Тәрбиешілердің балалар үшін ұйымдастырған шараларының қайсібірін алсақ та ерекше. Ән шырқап, мың бұрала билеген балғындарды көргенде «ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматтары» деп сеніммен айта аласың. Құлыншақтықтар дайындаған «Еркем-ай» балалар оркестрінің орындауындағы «Әгугай» мен Глинканың «Полькасын», балдырғандықтар балалар әлеміне ертегілер елінен «Мүйізді тәтей», «Ханшайым», «Періште», «Микки Маус» сынды кейіпкерлерінің әсерлі көріністері,бәйтеректік тәрбиешілердің түрлі ертегі желісіндегі қойылымдары, ақботалықтардың ата-аналар қатысуымен өткен қызықты ойындары мереке күніндегі шаралардың шырайын ашты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521