Қадамың оң болсын, талапкер

Санаулы күндерден кейін түлектеріміз үлкен сынақтан өтеді. Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін 10 орта мектептен 11-сыныпты 256 оқушы бітіргелі отыр, оның 190-ны ҰБТ-ға қатысады.

Оның ішінде 11 оқушы «Алтын белгіге», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айбатыр Бекішұлының сөзінше, аудандық №867 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінде мемлекеттік қорытынды сынақ 23-маусым күні өткізу белгіленген. Сынақ 6 аудиторияда өтеді. Соңғы №17 аудандық дайындық сынағының қорытындысы бойынша орта балл – 83,5-ті құрап, 182 оқушы шекті деңгейден (50 балл) асырып жинаған. Тестілеу сынағы өтетін күні оқушыларды автокөлікпен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылады. Бүгінгі күні көліктер толық техникалық байқаудан өткізілген. Сондай-ақ аудандық Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті де керекті техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. - Он тоғыз рет ұйымдастырылған аудандық байқау сынағының барлығы аудандық тест орталығында өтті. Соңғы өткізілген тестілеу қорытындысымен жалпы орта балл 83,5 құраса, бұл – өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Биылғы оқу жылындағы бір ерекшелік – ҰБТ кезінде онлайн трансляциясын жүргізуде жүйелік блок сатып алынып, іске қосылды, - дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері, №867 ҰБТ өткізу пункті жетекшісі Жанар Телешова.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521