Айдана «үздік спикер» атанды

«Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында Исатай ауданы әкімі аппараты және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан бүгін және болашақта» атты мемлекеттік қызметшілер мен жастар арасында пікір-сайыс ойыны өткен болатын.

Американдық парламенттік формат үлгісінде өткен пікір-сайыс турниріне ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастардан құралған «Олимп», «Болашақ», «Бизнес», «Атамекен» командалары қатысты. Аталған іс-шараның төреші сарапшылар қатарында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жансих Ғатихұлы , «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Жақсылыққызы, «Азат-Азамат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ербол Бауыржанұлы болды.

Ойынның ережесі бойынша жеребе суыру арқылы алғашқы іріктеу кезеңіне «Атамекен», «Болашақ» командалары «Бұл палата Қазақстанның болашағы шетелде білім алған жастардың қолында деп есептейді» тақырыбын талқыға салды. Ойын барысында екі тараптан да қажетті ақпараттар мен тың идеялар қозғалды. Дегенмен, жақсы ойын көрсетіп, алғырлық мен ұтқырлық танытқан «Болашақ» командасы финалға жолдама алды. Өз кезектерінде «Бизнес» және «Олимп» командалары «Бұл палата мектептің білім беру жүйесіне бизнес-жоспар пәнін енгізу қажет деп есептейді» тақырыбында сынға түсті.

Көпшілік қызыға күткен финалдық бәсекеде сынға түскен «Бизнес» және «Болашақ» командалары пікірсайыс алаңына шақырылып, жеребе суыру бойынша алдымен өз позицияларын анықтап алды. Финалдық ойында «Бұл палата Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті пара берушіден бастау керек деп есептейді» деген тақырып ұсынылды.

Қорытындысында ұшқыр ойларымен, шешендік сөйлеу өнерімен ерекшеленген "Болашақ" командасын жүлделі І-орынға лайық деп табылды. Пікірсайысқа қатысқан барлық командаларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ, ойын барысында жүйріктігімен көзге түскен Айдана Жамбылқызы " Үздік спикер" атанды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521