Аймақта 159 мектепте ерекше балаларға жағдай жасалған

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев тамыз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Өңірде ерекше білімді қажет ететін 6653 бала бар, - деді ол.

– Олардың білім алуына 159 мектепте (81%) жағдай жасалған. Осы көрсеткішті 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. ​Осы орайда, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашу ғимарат тапшылығына байланысты мүмкін болмай отыр. Атырау қаласы бойынша ерекше білімді қажет ететін балалар үшін екі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы қажет.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі бастамасымен Индер ауданында​ инклюзивті білім беретін арнайы сынып​ ашылған болатын. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз