Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді

Қазіргі кезде еліміз өңірлерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.

Алматы қаласында да қарқын алған бастама аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсетіліп, оларға әкімдік тарапынан мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылып отыр.

Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған ба­ла­ларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қол­дау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке қал­май келуіне бағытталған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы бағыттағы шаралар тура­лы баяндаған Алматы қаласы бі­лім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева оқушыларға оқу жы­лына дайындыққа көмек көр­сету бойынша жұмыстар іске асып жат­қанын жеткізді. Осы орайда кө­мек­ке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылып, жедел желілер, сенім телефондары жұмыс істейді.

Ал қайырымдылық көмек көрсе­туге демеушілер, меценаттармен қатар мемлекеттік құрылымдарды тарту жұмыстары іске асуда. Ба­ла­ларға мектепке дайындалуға кө­мек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына ха­барласа алады.

Жедел желіге қатысты ақпараттар Алматы қаласы білім басқарма­сының сай­­тында көрсетілген. Л.Жылқы­баева­­ның айтуынша, 1 қыркүйектен бас­тап мемлекеттік мектептерде білім алатын 1-4-сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға байланысты әзірлік жүруде. Сонымен қатар оқушылар қайтарымды негізде оқулықтармен қамтылатын болады.

egemen.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521