Алғашқы қоңырау сыңғыры

1 қыркүйек күні барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алады.

Осы орайда, Өркен орта мектебінде «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері, өлең шумақтарын оқыды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Марат Мурзиев қатысып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, аудан басшысы 2017-2018 оқу жылы отандық білім беру жүйесіндегі бірқатар жаңашылдықтармен ерекшеленгенін, жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа бағдарламамен 3, 6, 8 сынып оқушылары оқитынын, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін 11 мұғалім курстан өтіп, осы оқу жылынан бастап, жаратылыстану пәндерінен ағылшын тілінде сабақ беруге кірісетінін жеткізді. Оқушылар асыға күткен алғашқы қоңырау соғылғаннан кейін аудан басшысы мен қонақтар аталған мектеп ішін аралап, алғаш мектеп партасына отырған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тіледі.

Аудандық білім бөлімінен алған мәліметке сүйінсек, биылғы жаңа 2018-2019 оқу жылына 5340 оқушы, 304 сынып комплектісімен бастағалы отыр. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 298 балаға, ал, сынып комплектісі 4 санға өскен. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі Нарын, Х.Наубетов, Өркен, Ю.Гагарин мектептеріне балалардың мектепке қатынауы үшін 3 автобусь және 1 «ГАЗель» автокөліктері бөлінген.

Айта кетейік, ауданның 15 мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, 1-сыныпқа қабылданған 567 оқушы мектеп табалдырығын аттады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521