Алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін ауданымыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті.

Бұл күн білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табылдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінде де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.

_

_

Салтанатты шара мемлекетіміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Тамара Халенова салтанатты жиында жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылындағы мектеп көрсеткіштеріне және биылғы оқу жылында болатын өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, білім ордасы жаңа оқу жылын 59 сынып комплектісімен 1201 оқушымен бастады. Оның ішінде 1 сыныпқа 6 сынып комплектесіне 121 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. 

Одан әрі құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Полымбет Хасановқа жолданды. Өз кезегінде аудан басшысы бүгінде білім саласына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау болып жатқанына кеңінен тоқталды.

_

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: - Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді, - деп атап өткен болатын. Осы орайда, оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз. Бүгінде аудан орталығында 320 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, Тұщықұдықта Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп жанынан 350 орындық мектеп жапсаржайының құрылысы басталды. Сондай-ақ Зинеден ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл 4 мектепке 113 миллион қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жүргізіліп және кітапхана, асхана бөліктеріне бейімдеу жасалды. Бюджеттің қомақты бөлігі осы ауданымыздағы мектептер мен балабақшалардың тұрақты жұмыс жасауы үшін бөлініп отыр. Бөлінген қаржының нәтижесінде ғимараттар жөнделіп, жабдықталған компьютерлік сыныптар дайындалып, мультимедиялық тақталар орнатылды. Мемлекет алдағы уақытта да мектептердің тұрақты жұмыс жасауы үшін, қажетті, білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізіп, басты назарда ұстайтын болады, - деді аудан әкімі және оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі.

_dsc0778

_dsc0882

_dsc0855

_

 

Жиында бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» салтанатты түрде табысталды. Өз кезегінде бүлдіршіндер өлең шумақтарын оқыды. Алғашқы қоңырау соғу 11-сынып Арсен Ғарифолла мен 1-сынып оқушысы Малика Нұржанқызына берілді.

_dsc0943

Барша оқушыларды сабаққа шақырған күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, мұғалімдер жұмысына кірісті.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521