АПТАЛЫҚ ТІЛГЕ АРНАЛДЫ

Исатай ауданында барлық білім беру ұйымдарында Ұлт ұстазы, көрнекті ақын, Алаш қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты және 5 қыркүйектегі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тілді қолдану апталығы» аясында көптеген мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.

Аталған тақырыпқа байланысты «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» базасында өткен «Алтын қақпа» зияткерлік ойынына  аудандық сот қызметкерлері - аудандық соттың төрағасы Мерлан Құсайнов, судья Руслан Баймаханбетов, жетекші маман Динара Серікболова, бас маман-сот отырысының хатшылары Жадыра Изимова, Гүлназ Сариева қатысты.

til1

Шараның бірінші бөлімінде қатысушылар «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» тапсырмаларын орындады. Әр қақпада А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, тұрақты сөз тіркестері, көнерген сөздерге байланысты тапсырмалар берілді. Сайысқа қатысушылардан бөлек көрермендер мен кеш қонақтары да белсенділік танытты. Жеңімпаздар арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Ал шараның екінші бөлімінде «Блиц-турнир» айдары ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар сот қызметкерлерімен заңгер мамандығы бойынша сұрақ-жауап алмасты.

Шараны аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Хамзина мен аудандық соттың төрағасы М.Құсайнов қорытындылап, өз пікірлерін білдірді.

Жанар ТЕЛЕШОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521