Қаржыландыру арта түскен

Қорытындыланып жатқан жылы ауданда 15 мектеп, 4 бастауыш, 1 негізгі, 10 орта мектеп жұмыс жасауда.

Сондай-ақ 10 балабақша, 3 балалар саз мектебі, 1 оқушылар үйі, 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы қызмет атқарады. 5208 оқушымен басталған 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8-сыныптар көшті. Білім саласын қаржыландыру жыл санап артып, биылғы бұл көрсеткіш 2 миллиард 806 миллион 202,0 мың теңгені құрады.

2018 жылға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 107 миллион 772,0 мың теңге бөлініп, оқушылар оқулықтар және әдістемелік кешендермен толықтай қамтамасыз етілген. Жыл ішінде ғылыми жоба конкурсында 7 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға 33 оқушы қатысып, 18-і жүлдемен оралды. Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан 1 оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Облыстық орыс тілі пәні мұғалімдерінің «Руский язык – ключ к знаниям» байқауында аудан мұғалімдері командасы жүлделі 1 орын иеленді. Ал, «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – отбасының рухани адамгершілік негізі» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар қорытындысында аудан «Үздік семинар» аталымы бойынша жүлделі ІІ орын алды. Сондай-ақ «Жас тәртіп сақшысы» облыстық байқауынан Өркен орта мектебі командасы бас жүлдені олжалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521