Асқар Мамин білім ұйымдарының оқу жылына 100% дайын болуын тапсырды

Барлық білім беру ұйымы оқу жылын бастауға 100 пайыз дайын болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу штаттық режимде қамтамасыз етілсін. Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсынымдарды жеткізсін. Осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100 пайыз қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес қабылдауды осы жылғы 20 тамызға дейін аяқтау қажеттігін ескертті.

«Барлық білім беру ұйымдарында педагогтар, қызметкерлер мен ата-аналар үшін «ASHYQ» жүйесін енгізу қажет. 25 тамызға дейін оқулықтар кестеге сәйкес толығымен жеткізілуі керек. Бұл, ең алдымен, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Кестеден кешігіп отырған 2 өңірге – Павлодар және Түркістан облыстарына қатысты»,- деді Премьер-Министр.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521