Атырау мектептерінде «Берік отбасы» жобасы іске асырылады

Ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы отбасында қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған «Берік отбасы» жобасы жаңа оқу жылынан бастап өңірдегі 16 мектепте іске асырылмақ.

Атырауға аталған бағдарламаны әзірлеуші, Ұлыбританияның халықаралық сертификатталған тренері Дебора Мэри Эллен келді (Deborah Mary Allen). Апта бойы білікті психолог өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің елуден астам педагогтарына отбасында қолайлы қарым-қатынасты орнату, балаға сүйіспеншілікті сақтай отырып оның кейбір әрекеттерін шектеу бойынша тәжірибе таратады.

12

Курс Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Атырау облысының әкімдігі, БҰҰ-ң Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп өткізілуде.

13

«Берік отбасы» бағдарламасында облыс орталығындағы мектептердің 54 педагогы жобаның фасилитаторларын дайындау бойынша тренингтен өтеді. Алдын-ала іріктеу кезеңіне сәйкес курсты сәтті тәмамдаған қатысушылар жобаны әрі қарай жалғастыруға және «Берік отбасы» бағдарламасының тренері атануға мүмкіндік алады.

Шетелдік сарапшы «Берік отбасы» бағдарламасы ата-аналар мен 10-14 жас аралығындағы балалар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, позитивті ата-ана болу дағдыларын қалыптастыру мен жасөспірімдер арасында есірткі, қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған дағдыларды қалыптастырады дейді.

Атырау қаласындағы НЗМ Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521