banner_damu

Атырау облысының мектептеріне 178 жас маман келді

Облыс әкімінің білім беру грантының алғашқы иегерлері оқуларын бітіріп, жергілікті жұрт игілігі үшін жұмыс істеуге дайын, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова хабарлады.

Оның айтуынша, төрт жыл бұрын облысқа қажетті мамандарды даярлау үшін алғашқы гранттар бөлінген. Осылайша, 2017 жылы Атырау мектептерінің 222 түлегі қазақстандық жоғары оқу орындарына тегін гранттар алды. Оның 178-і педагогикалық мамандықтарда оқыды.

- Жас мамандар өңірге дипломдармен келіп, білім басқармасының жолдамасымен педагогтар қатарын толықтыруда. Біздің облыста бірнеше жылдан бері орыс сыныптарында мұғалімдер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін облыс басшылығының бастамасымен жыл сайын мектеп түлектеріне гранттар бөлінеді,- деді Айнагүл Дүйсекенова.

Бүгінгі таңда Атырау мектептерінің 700 түлегі облыс әкімінің грантына ие болып, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруда. Спикер атап өткендей, грант беру кезінде бірінші кезекте түлектердің үлгеріміне, ҰБТ нәтижелеріне назар аударылады.

Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беріледі.

Ләззат Сәлімова

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика