Атырауда биылғы оқу жылында 3 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Бүгінде облыс бойынша 200 мектеп бар. Оған қоса, тағы да бірнеше білім ордасының ірге тасы қалануда. Биылғы оқу жылында 3 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша, өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін өңірде 48 мектеп кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Ал, биылғы жаңа оқу жылын 138 мыңнан астам оқушымен бастағалы отырмыз. Облыс бойынша барлық мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады, деді А.Дүйсекенова.

Сонымен қатар, қалалық Білім бөліне қарасты 63 мектепке осы жылға жөндеу жұмыстарын өткізуге 69 млн 500 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталған.

- Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы да назардан тыс қалмай, орталық жылу қазандығына қосылған барлығы 27 мектептің жылу жүйелері гидравикалық сынақтан өткізілді. Ал, 36 мектептің жылу қазандықтары маусымға толық дайын, деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ф.Шангереева.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мектептердегі кадр мәселесін шешу жолында да бірқатар іс-шаралар атқарылуда.




ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521