banner_damu

Атырауда колледж басшылығы студенттермен арада болған төбелеске түсінік берді

«Әлеуметтік желіде Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерінің арасында болған төбелес​ туралы видео тарап кетті» деп хабарлайды ATPress.kz.

Оқиға 19 қазанда колледж маңында орын алған. Бірінші курс студенттері арасында өзара кикілжің орын алған. Екі қыз арасындағы жанжалға үшінші студент те қосылған. Қыздардың арасындағы төбелесті колледж оқытушылары мен студенттер тоқтатқан.​ Кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылған.

«Студенттер арасындағы төбелес сабақ біткеннен кейін, түскі мезгіл кезінде болған. Жәбір шеккендер, дене жарақатын алғандар жоқ. Оқиғадан кейін біз студенттердің ата-аналарын шақыртып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог жеке әңгімелесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мұндай оқиға колледжімізде бірінші рет орын алып отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Кожабаева. ​ 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика