Аудан әкімі алтын белгі иегерлерін қабылдады

Аудан әкімі Полымбет Хасанов мектепті алтын белгімен аяқтаған оқушыларды қабылдады.

Оған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мен мектеп директорлары және ата-аналар қатысты. Биыл ауданымыз бойынша мектеп бітірген 269 түлектің 8-і алтын белгі иегері атанып отыр.

Олар: Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының түлегі Зарина Базарбай, Исатай орта мектебінің түлектері Нұрлыгүл Акмадиева, Аружан Мутигуллина, Ләзиза Оразбекова және Дана Амангелді, Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің түлегі Шамшат Байдулла, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің қос түлегі Нұрбек Заев пен Диана Болатбекқызы.

Шарада түлектерге аттестат тапсырылып, төсбелгі тағылды. Сонымен қатар, аудан әкімі өзінің құттықтау хатын тапсырды.

- Сіздер осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршін едіңіздер. Бүгінде ұлағатты ұстаздардың білім беруімен, ата-аналардың қолдауымен үлкен азамат болып, болашаққа қадам басқалы тұрсыздар. Алдағы Ұлттық біріңғай тестілеуді жақсы тапсырып шығуларыңызға тілекшімін. Қалаған мамандықтың иесі болыңыздар. Сіздерге ақ жол тілеймін, - деді аудан әкімі.

Алтын белгі иегері Нұрбек Заев елеп-ескеріп жатқаны үшін аудан әкіміне, білім берген ұстаздарына алғысын білдірді. 

- Мектепті алтын белгімен бітіріп жатқанымыз сіздердің арқаларыңыз деп есептеймін. Барлық алтын белгі иегерлеріне ақ жол тілеймін, - деді ол.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева шәкірттерінің алған білімдерін келешекте туған жердің игілігіне жұмсайтынына сенім білдіріп, ақ жол тіледі.

Берікбол Қонаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз