Балабақшадағы сапа мен мазмұн мәселесін назарға аламыз - Асхат Аймағамбетов

Балабақшадағы сапа мен мазмұн мәселесіне ерекше мән беріледі.

Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды ерте дамыту мәселелері біз үшін ерекше маңызға ие. Біз көбінесе сандық көрсеткіштерге мән беріп, балаларды қамтуға көңіл бөліп, ал сапа мен мазмұн бағытына тиісті деңгейде назар аударуға мүмкіндік болған емес. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2021 жылы 98,1%-ға жеткеннен кейін, сапа мен мазмұн мәселесіне назар аудару керек деп ойламын», - деді министр.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балабақшаларда мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу басталады. Бұл үшін Мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі және «ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде Үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралады.

Сонымен қатар, жекеменшік балабақшаларды дамытуды ынталандыру ваучерлік тетікті енгізу жолымен жалғасатын болады.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521