Балаларым сабаққа мектеп формасымен барады – Асхат Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оушылардың сабаққа мектеп формасымен барғанын қолдайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп формасын керек емес деп алып тастады, деген ақпарат шығып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Негізінде міндетті мектептің формасы және біздің тиісті бұйрығымыз күшін жойған жоқ әрі ол қалады. Біз оқушылардың мектеп формасымен сабаққа келгенін құптаймыз. Бірақ, пандемия салдарына байланысты мектеп формасымен келуге мүмкіндік болмаса, яғни сатып ала алмаса, басқа да дәлелді себептері болса, онда оларға классикалық үлгідегі киіммен сабаққа келуге рұқсат берілді. Сондықтан осы шешімді дұрыс түсіну керек», - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында.

Сонымен қатар министр жаңа оқу жылында балаларының сабаққа мектеп формасымен баратындығын баса айтты.

«Біз шешім қабылдадық және балалар да мұнымен келісіп отыр. Сабаққа мектеп формасымен барамыз. Меніңше, бұл қолайлы, тіпті бір жағынан үнемді де. Қай жағынан алып қарасақ да оң тұсы көп. Сондықтан өзім толықтай да мектеп формасын қолдаймын. Әрине, бұл жерде өте көп пікірталас болуы да мүмкін», - деді ол.

infrom.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521