Батыр баба атындағы аудан оқушылары үздіктер қатарынан көрінді

Жалпы білім беретін 12 пән бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі өз мәресіне жетті.

4 күнге созылған білім додасына Исатай ауданынан пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен сүрінбей өткен 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсана Ерғали өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиаданың жеңімпазы атанса, Өркен орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айшагүл Махметова құқық негіздері пәні бойынша және Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дана Мейрамбекқызы қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша ІІІ орынды иеленді.

Осылайша, пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде бақ сынаған 5 оқушының 3-еуі өз білімдерінің нәтижесінде облысымыздың абыройын асқақтатты.

Айта кетейік, пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі Атырау қаласында онлайн форматта өтті және олимпиаданың жабылу рәсімі 24-сәуір күні, яғни ертең өтеді деп жоспарланған.

Толығырақ газетіміздің №17 (4074) санынан оқи аласыздар.

Әділбек СЫРЫМОВ

 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT