Берсең, балаға бер, айтып жүрер...

Биыл да ауданымыз бойынша жылдағыша «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасы басталды. Әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Шара мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету, балаларды жаңа оқу жылына дайындау, оларға оқу құралдары мен киім-кешектер алып беру.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Фазылованың айтуынша, өткен жылы 209 оқушыға 1 миллион 184 мың теңгенің оқу құралдары, киім-кешектері алынып берілген. Биыл да сол үрдіс жалғасын таппақ. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» деген ұранмен өтетін шараға барлық білім мекемелері, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, ауылдық округтер, заңды тұлғалар, жеке адамдар, өндірістік компаниялар қатыса алады. Ендеше, балаларға қуаныш сыйлап, жүрек жылуын бергілеріңіз келсе, көмек қолыңызды созыңыз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521