banner_damu

Білім қызметкерлеріне ерекше медаль беріледі

Білім және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларына толықтыру енгізілетін Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Әлемге Махаббатпен» медалі пайда болады.

«Әлемге махаббат» медалімен өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу және тәрбиелеу жүйесін дамытуға үлес қосқан, адамгершілік-рухани білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген, оқу-тәрбие процесіне адамгершілік-рухани білім беруді іске асыру үшін жаңа білім беру технологияларын енгізген педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл және одан да көп білім беру ұйымдарының қызметкерлері марапатталады. 

Медаль диаметрі 31.8 мм шеңбер нысанындағы жезден дайындалады, медальдің аясы күңгірттелген.

Бет жағында шеңбердің жиектерінде ақ фонда алтын түстес «Әлемге Махаббатпен» деген жазу орналасқан.

Шеңбердің ортасында алтын-сары түсті шұғылалы күн дискісі бар. Күн дискісінде тұмсығында бұтақ ұстаған тасбақа бейнеленген.

Қаулы жобасы 22 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін орналастырылған.

egemen.kz

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика