Білім сайысында біліктерін сынады

Жылдағы дәстүрге сай жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп базасында ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды айқындауға қажетті жағдай туғызу, білім деңгейін көтеру мақсатында республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді.

Аудандық олимпиадаға 11 мектептен (1 негізгі мектеп, 10 орта мектеп) 11 пән бойынша 370 оқушы қатынасты. Екі күнге созылған олимпиадаға мектеп оқушылары мен мұғалімдерді көлікпен әкелу және олардың өмір қауіпсіздігіне толықтай жауап беру мектеп директорларына міндеттеліп, арнайы көліктер ұйымдастырылды.

Олимпиаданы ұйымдастыру барысында ережеге сай жұмыс жоспары жасалып, қазылар алқасы құрылып, білім додасына қатысқан сайыскерлер нәтижелері шығарылып, ұпай сандары арнайы тақтаға ілінді. Пән бәсекесінде бақтарын сынаған шәкірттердің білім дәрежесі аудандық білім бөлімінің арнайы дипломдарымен марапатталды. Осы республикалық олимпиаданың екінші кезеңінде жоғары ұпай жинап, жүлделі бірінші орынды иеленген 33 оқушы республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі – облыстық олимпиадаға жолданып, білімдерін сарапқа салмақ. Үздіксіз ізденіспен білім сайысына түскен өрендерімізге сәттіліктер тілейміз.

Ерлан МАХСОТОВ,

аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521