Кеше Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауының республикалық кезеңі қашықтықтан өтті.
Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау, Абайды заман талабына сай жаңа қырынан таныту мақсатында өткен байқауға Атырау облысынан 4 оқушы қатысты және олардың барлығы дерлік өз ауданымыздан. Нәтижесінде, республикалық байқаудың «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер кезеңіне қатысқан Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы Ақбота Ислат байқаудың жеңімпазы атанса, аталған мектептің 9-сынып оқушысы Құралай Мұрат ІІІ орынға лайықты деп танылды.
Одан бөлек, аталған байқаудың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы кезеңіне қатысқан Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы Әйгерім Қуанышкерей мен Сымбат Жұмабай алғыс хаттармен марапатталды.
Осылайша, жерлестеріміз республика төрінде аудан, қала берді облысымыздың абыройын асырды.
Әділбек СЫРЫМОВ