Бішкекте Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды

Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту - өзекті міндет.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту - өзекті міндет. Бұл үшін былтыр қол қойылған жоғары білімнің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру туралы Декларация негіз болады. Осы бастама шеңберінде Қазақстан әріптестердің жоғары оқу орындары арасындағы алмасуларды кеңейту жөніндегі ұсыныстарын қолдап, Орталық Азия елдерінің жастарын оқыту үшін квоталардың санын ұлғайтты», делінген Президент баяндамасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын жеткізді.

«Біз өңір мемлекеттеріндегі жетекші жоғары оқу орындары мен озық мектептердің филиалдарын құруға дайынбыз. Мәселен, жақында Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. Қазір Өзбекстанмен өзара негізде білім беру орталықтарын ашу пысықталуда», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.

egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521