Болашағы бар мамандық

Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары сертификатының ұпайларына сәйкес жүргізіледі.

 

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау үш кезеңнен тұрады:

1. Қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

2. Медициналық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

3. Талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады. «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР спорт шебері» спорттық біліктері бар және институт қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарын тапсырған талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтан босатылады.

Институтқа түскен жағдайда оқу шарттары:

- Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады.

- Курсанттар барлық оқу кезеңде киім-кешекпен, тамақтану және келесі мөлшерде 1-2 курс 6317 теңге, 3-4 курс 10954 теңге мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

- Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс – Көкшетау қаласында тұрады.

- Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, төрт жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Азаматтардың алып шығатын мамандықтары: (таңдау өз еркінде)

- Өрт қауіпсіздігі, таңдау пәні - Физика

- Төтенше жағдайларда қорғау, таңдау пәні оқу сауаттылығы

- Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері, таңдау пәні

– Қазақстан тарихы Қосымша сұрақтарыңыз болса, Аққыстау ауылындағы №6 ӨСБ-не келіп, мамандардан сұрауға болады.

Роллан МУТИЕВ, аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы міндетін атқарушы, азаматтық қорғаныс капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521