«Болашақ» бағдарламасының ауқымы кеңейтілді

Білім және ғылым министрлігі жаңа бұйрық жобасын дайындады, онда қазақстандықтарды «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытатын шетелдік жоғары оқу орындарының кеңейтілген тізімі белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, тізімге келесі университеттер қосылды:

1. Сент-Эндрюс университеті (University of St Andrews) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;

2. Белфасттағы Квинс университеті (Queen's University Belfast) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;

3. Лестер Университеті (University of Leicester) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;

4. Гамбург университеті (Universität Hamburg) - Германия;

5. Дрезден техникалық университеті (Technische Universitat Dresden) – Германия;

6. Тринити колледжі (Дублин) (Trinity College Dublin) – Ирландия;

7. Барселона университеті (Universitat de Barcelona) – Испания;

8. Болон университеті (University of Bologna) – Италия;

9. Монреаль университеті (Universitate de Montreal) – Канада;

10. Батыс Онтарио Университеті (Western University) – Канада;

11. Эйндховен техникалық университеті (Eindhoven University of Technology) – Нидерланды;

12. Неймеген университеті (Radboud University in Nijmegen) – Нидерланды;

13. Твенте университеті (University of Twente) – Нидерланды;

14. Окленд Университеті (The University of Auckland) – Жаңа Зеландия;

15. ИТМО ұлттық зерттеу университеті (ITMO University) – Ресей;

16. «МИСИС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті (National University Sciense and technology «MISIS») – Ресей;

17. Аризона штатының университеті (Arizona State University) – АҚШ;

18. Нотр-Дам университеті (Unive Rsity of Notre Dame) – АҚШ;

19. Аалто Университеті (Aalto University) – Финляндия;

20. Политехникалық мектеп (Париж) (Institut Polytechnique de Paris) – Франция;

21. Пхохан ғылым және технология университеті (Pohang University of Science And Technology) – Корея;

22. Ульсан Ұлттық институты (Ulsan National Institute of Science and Technology) – Корея;

23. Хоккайдо Университеті (Hokkaido University) – Жапония.

Тізімге барлығы 236 Халықаралық ЖОО кірді.

Бұйрық жобасы 14 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521